BES.media
BES.media

Жезқазғанда университет, Конгресс орталығы және инклюзивті спорт кешені салынбақ

Үкімет Ұлытау облысын дамытуға бағытталған 58 инвестициялық жобаны қарады.
Үкіметтегі кеңес Үкіметтің баспасөз қызметінің суреті

Не болды

Үкіметте Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен басым инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Кеңес премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өтті. Оған орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, ірі бизнес өкілдері және облыс әкімдігі қатысты.

Жезқазғанда қандай нысандар салынуы мүмкін

Кеңесте Жезқазғанда Конгресс орталығын, университетті, инклюзивті спорт орталығын және әлеуметтік қызмет көрсету орталығын салу мәселесі қаралды. Сонымен қатар спорт, білім беру, мәдениет және инженерлік инфрақұрылым нысандарын іске асыру барысы талқыланды. Жезқазған қаласының бас жоспарын жүзеге асыру мәселесіне де назар аударылды.

58 жоба жоспарланған

2026-2029 жылдарға арналған өңірлік жобалар пулына 58 бюджеттік инвестициялық жоба енгізілген. Олар инженерлік, әлеуметтік және жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғын үй құрылысына және облыстың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Үкімет не тапсырды

Нұрлыбек Нәлібаев жобаларды қаржыландыру мәселесін жедел шешіп, жобалық құжаттаманы қысқа мерзімде әзірлеуді тапсырды. Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға, ұлттық компанияларға, бизнес өкілдері мен облыс әкімдігіне жобаларды уақтылы іске асыру және олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде тапсырмалар берілді.

Ұлытау облысының әкімдігімен бірлесіп дайындалған.

BES.media
BES.media
Мы используем cookies
Файлы cookies помогают нам улучшать работу сайта, обеспечивать удобство пользования, анализировать трафик и показывать релевантный контент. Вы можете использование cookies или ознакомиться с нашей Политикой конфиденциальности, чтобы узнать больше.
Принять