Несие алу мүмкіндігін қалай бұғаттауға болады?

12.12.2024
Стоп-кадр BES.media

Бұл сұрақтың жауабын видеодан көре аласыз.

Не болды

BES.media ForteBank-пен бірге қаржы сауаттылығын арттыруға бағытталған бірнеше видео ұсынады.

Бұл функция қазақстандықтарды тек несие алудан қорғап қана қоймай, алаяқтарға сіздің атыңыздан қарыз рәсімдеуіне бөгет болып, олардың құрбаны болу жағдайларының алдын алады. Қаржылай сауатты болған сайын, алаяқтардың айласына түсу мүмкіндігі де азаяды.

Видеоны жақындарыңызбен және достарыңызбен бөлісіңіз! 

Несие алу мүмкіндігін қалай бұғаттауға болады

Бұл функцияны іске қосу көп уақыт алмайды. Алдымен:

  • Egov mobile қосымшасына кіріңіз;
  • Басты бетте "Несиені тоқтату"  батырмасын басыңыз; 
  • Бас тартуға қол қойыңыз;

Несиеден бас тарту рәсімделді. Дәл осылай қайталасаңыз, несие алу мүмкіндігін бұғаттан шешуге болады. 

ҚР каржы нарығын реттеу жене дамыту агенттігінің 03.02.2020 ж. "ForteBank" АҚ-ға берген №1.2.29/197/36 лицензиясы.

–––