Ұлытау облысында үздік журналистерге "Ular" сыйлығы табысталды
Аймақ журналистикасына қосқан үлесі марапатталды.
Не болды
26 маусымда Жезқазғанда Ұлытау облысы әкімінің бастамасымен ұйымдастырылған "Ular" журналистика сыйлығын тапсыру салтанаты өтті. Марапат иелерін облыс әкімі Дастан Рыспеков пен мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов құттықтады.
Кімдер марапатталды
Мемлекеттік марапаттар да табысталды: Рахметов Шамхан Қыстаубайұлы – "Құрмет" орденімен, Ералина Салтанат Аманқызы – "Ерен еңбегі үшін" медалімен, Арымбекова Аманкүл Әділқызы – "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды. Ал "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісі Валентина Одинцова, Қайрат Жұмабаев және Мейрамкүл Алпысбаеваға берілді.
"Ular" сыйлығының иегерлері
Салалық және тақырыптық номинациялар бойынша үздік деп танылғандар:
- "Мамандыққа адалдығы үшін" – Нина Барбутько ("Подробности" газеті),
- "Жылдың үздік шығармашылық жұмысы" – Мұқағали Сейтқазы ("Ulytau" телеарнасы),
- "Экономика тақырыбын үздік жариялағаны үшін" – Әлібек Әбдірашев ("Мысты өңір" газеті),
- "Өзекті мәселелерді үздік жариялағаны үшін" – Наргиз Жанабекова ("Ақшам" телеарнасы),
- "Шаңырақ" номинациясы – Жаннұр Тілемісова ("Saryarqa" газеті),
- "Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялағаны үшін" – Изтөлеу Түсіпов (ҚазЖО Ұлытау филиалы),
- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік материал" – Эльвира Алпанбаева ("Жезказганский вестник"),
- "Өндіріс тақырыбын үздік жариялағаны үшін" – Гаухар Наурызбаева ("Қазыналы өңір" газеті),
- "Ауыл тақырыбын үздік жариялағаны үшін" – Салтанат Ералина ("Жаңаарқа" газеті),
- "Заң мен тәртіп қағидатын үздік жариялағаны үшін" – Марал Шахаева ("Шарайна" газеті),
- "Мәнер мен атқарымдылық үшін" – Думан Оразов ("Ұлытау тв") және Венера Қабиева ("Аймақ ақшамы" газеті).
Әр номинантқа 500 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.
Арнайы сыйлық – 1 млн теңге
"Ұлытау облысы журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін" арнайы сыйлығы мен 1 миллион теңгелік сертификат екі адамға берілді: журналист Шахмұрат Ибадатов ("Мысты өңір" газеті) пен ардагер журналист, "Құрмет" орденінің иегері Мағзұмбек Машайықұлы ("Ұлытау" газеті).
Тағы қандай марапаттар берілді
Журналистер сондай-ақ облыс әкімінің Алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Материал Ұлытау облысы әкімдігімен бірлесіп дайындалды.
–––