Ұлытауда "Әділетті Конституция – қуатты мемлекет" тақырыбында жиын өтті

Өңір басшысы 15 наурызда өтетін республикалық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызға ие екенін атап өтті.
Фотосуретті Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Дастан Рыспеков

Не болды

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен өткен "Әділетті Конституция – қуатты мемлекет" атты жиында конституциялық реформалардың мазмұны мен маңызы жан-жақты талқыланды. Кездесуде алдағы республикалық референдумның тарихи мәні атап өтілді.

Мәліметтер

Өңір басшысы алдымен 15 наурыздағы республикалық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызын атап өтті. Сонымен қатар 13 ақпаннан бастап өңірде "Әділ, прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" өңірлік коалициясы жұмысын бастағаны айтылды. Коалиция құрамына бес саяси партия филиалы – Amanat, Қазақстан Халық партиясы, Ауыл, Ақ жол, Respublika, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдары, ардагерлер кеңесі мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енген.

Фотосуретті Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Дастан Рыспеков

 

Отырысқа қатысушылар конституция жобасына енгізілген өзгерістердің құқықтық негіздері туралы баяндама жасады. Бүгінде облыста референдумға қатысты кешенді ақпараттық науқан белсенді жүргізілуде.

Жиын барысында жаңа Конституция жобасының ашық әрі жария талқылаудан өткеніне ерекше назар аударылды. Әрбір азаматтың өз пікірін білдіру мүмкіндігі заңдылықты нығайтып, заманауи талаптарға сай шешімдер қабылдауға жол ашқаны айтылды.

Кездесу соңында облыс әкімі конституциялық реформалардың табысты жүзеге асуы қоғамдық келісім мен әр азаматтың белсенді ұстанымына байланысты екенін атап өтіп, жиынға қатысушыларға алғыс білдірді.

Материал Ұлытау облысының әкімдігімен бірлесіп дайындалды