Ұлытауда белсенді жастарға арналған Ulytau Go лагері өтіп жатыр

Шараға өңірдің 50 үздік жасы қатысып, кәсіби даму мен көшбасшылыққа бағытталған бағдарламадан өтуде.
Фотосуретті Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Ulytau Go жастар лагері

Не болды

27-29 тамыз күндері Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайынғы Ulytau Go жастар лагері өтуде.

Кімдерге арналған

Биыл лагерьге Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау және Жаңаарқа аудандарынан жас кәсіпкерлер, волонтерлер, жұмысшы жастар және қоғамдық белсенділер жиналды.

Фотосуретті Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Ulytau Go жастар лагері

Бағдарлама мазмұны

Үш күндік бағдарлама жастардың тұлғалық дамуына, кәсіби бағытын айқындауға және жаңа ортада тәжірибе алмасуына бағытталған. Қатысушылар үшін "Жеке бренд қалыптастыру", "Мобилография ерекшелігі", "СММ" тақырыптарында семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар спорттық жарыстар мен қазақ тіліндегі интеллектуалды "ТезТап" ойыны өткізіледі.

Фотосуретті Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Ulytau Go жастар лагері

Рухани-мәдени саяхат

Лагерьдің үшінші күні қатысушылар Жошы хан кесенесіне барып, Ұлытаудың тарихи әрі рухани мұрасымен танысады.

Маңызды

Ulytau Go лагері – жастардың жаңа идеяларын жүзеге асыруына, көшбасшылық қабілеттерін дамытуына және өңірдің белсенді жас буынын біріктіруге арналған маңызды алаң болып саналады.

Фотосуретті Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Ulytau Go жастар лагері

Материал Ұлытау облысы әкімдігімен бірлесіп дайындалды.