BES.media
BES.media

Атырау облысында БАҚ өкілдеріне жаңа пәтерлердің кілті табысталды

Баспана Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында берілді.
БАҚ өкілдеріне жаңа пәтерлердің кілтін табыстады Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің суреті

Не болды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңірдегі БАҚ өкілдеріне жаңа пәтерлердің кілтін табыстады.

БАҚ өкілдеріне жаңа пәтерлердің кілтін табыстады Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің суреті
БАҚ өкілдеріне жаңа пәтерлердің кілтін табыстады

Толығырақ

Пәтерлер президент тапсырмасымен берілді. Отандық журналистиканың дамуына үлес қосқан медиа қызметкерлері Park Avenue тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі баспана алды. Мұндай әлеуметтік қолдау Атырау облысында биыл алғаш рет көрсетіліп отыр.

БАҚ өкілдеріне жаңа пәтерлердің кілтін табыстады Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің суреті
БАҚ өкілдеріне жаңа пәтерлердің кілтін табыстады

Кімдер баспана алды

Жаңа қоныс иелерінің арасында "Хабар" агенттігі" АҚ Атырау филиалының телеоператоры Айбек Байзақов бар. Ол журналистика саласында 21 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын "Қазақстан" РТРК" АҚ-да оператор болып бастаған, кейін республикалық Atameken Business телеарнасында телеоператор қызметін атқарған.

БАҚ өкілдеріне жаңа пәтерлердің кілтін табыстады Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің суреті
БАҚ өкілдеріне жаңа пәтерлердің кілтін табыстады

Жаңа пәтердің кілті Atpress.kz сайтының бас редакторы Қаршыға Көшековке де табысталды.

"Журналистика саласында 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келемін. Аудандық, облыстық және республикалық баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет атқардым. Бүгінгі қуанышты сәтті адал еңбектің жемісі деп білемін. Шынымды айтсам, дәл қазіргі көңіл күйімді сөзбен жеткізу қиын. Мемлекет басшылығының қолдауы мен ықыласына шынайы ризашылығымды білдіремін. Әріптестеріме шығармашылық табыс, елімізге өсіп-өркендеу мен жетістіктер тілеймін", – деді Қаршыға Көшеков.

Материал Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп дайындалды.

BES.media
BES.media
Мы используем cookies
Файлы cookies помогают нам улучшать работу сайта, обеспечивать удобство пользования, анализировать трафик и показывать релевантный контент. Вы можете использование cookies или ознакомиться с нашей Политикой конфиденциальности, чтобы узнать больше.
Принять