BES.media
BES.media

Атырауда дрондар арқылы 320-дан астам құқық бұзушылық анықталды

Жыл басынан бері дрондардың көмегімен өңір көлемінде 320-дан астам түрлі құқық бұзушылық анықталып, заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Полиция Фото Атырау облысы әкімдігі

Не болды

Атырау облысы полиция департаменті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында заманауи технологияларды тиімді қолданып келеді. Солардың бірі – әуе кеңістігінен бақылау жүргізетін дрондар.

Мәліметтер

Бүгінде дрондар облыстың жеті ауданы мен Атырау қаласының аумағында тұрақты түрде пайдаланылып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік беруде. Заманауи құрылғылардың көмегімен полиция қызметкерлері адамдар көп шоғырланатын орындарды, қоғамдық аумақтарды және жол қозғалысы жағдайын әуеден бақылап, құқық бұзушылықтарға дер кезінде әрекет етеді.

Жыл басынан бері дрондардың көмегімен өңір көлемінде 320-дан астам түрлі құқық бұзушылық анықталып, заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

контекст

Әсіресе мереке және демалыс күндері қоғамдық орындарда бақылау күшейтіледі. Осы кезеңдерде дрондар саябақтарда, жағалауларда, демалыс аймақтарында және адам көп жиналатын өзге де орындарды бақылайды.

Аталған жұмыстар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Материал Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп дайындалды.

BES.media
BES.media
Мы используем cookies
Файлы cookies помогают нам улучшать работу сайта, обеспечивать удобство пользования, анализировать трафик и показывать релевантный контент. Вы можете использование cookies или ознакомиться с нашей Политикой конфиденциальности, чтобы узнать больше.
Принять