BES.media
BES.media

Атырауда мәдениет саласының үздіктері марапатталды

Атырауда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұлттық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқандарға құрмет көрсетілді.
 Серік Шәпкенов Фото Атырау облысының әкімдігі

Не болды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өнер майталмандарына мемлекеттік наградалар табыстады. Дина Нұрпейісова атындағы академиялық оркестрдің дирижері Рахилә Ерғалиева "Құрмет" орденімен марапатталды. Ол оркестр құрамында 1990 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын оркестр әртісі боп бастап, бүгінде музыка өнерінің қыр-сырын жетік меңгерген дарынды орындаушы ретінде мойындалды. 

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығы басшысының орынбасары Ғабит Қайрекешевке берілді.

Серік Шәпкенов Фото Атырау облысының әкімдігі
Серік Шәпкенов

Неліктен бұл маңызды

Ол еңбек жолын 1993 жылы қалалық әкімдікте бастаған. Әр жылдары мәдениет саласында басшылық қызметтер атқарып, Құрманғазы атындағы мәдениет сарайын басқарған.

Серік Шәпкенов мәдениет саласы өкілдерімен кездесуде өнердің қоғамның рухани дамуына ықпалы ерекше екенін атап өтті.

 Серік Шәпкенов Фото Атырау облысының әкімдігі
Серік Шәпкенов

"Мәдениет – ұлттың рухани өзегі, халықтың тарихы мен болмысын айшықтайтын құндылық. Мәдени мұраны сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізіп жүрген жандардың еңбегі зор құрметке лайық. Мәдениетке қызмет ету – ұлтқа қызмет ету. Бүгін марапат алып отырған азаматтардың өмір жолы – өнерге адалдық пен табанды еңбектің жарқын үлгісі", – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі кездесу соңында өнер иелеріне ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Материал Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп дайындалды.

BES.media
BES.media
Мы используем cookies
Файлы cookies помогают нам улучшать работу сайта, обеспечивать удобство пользования, анализировать трафик и показывать релевантный контент. Вы можете использование cookies или ознакомиться с нашей Политикой конфиденциальности, чтобы узнать больше.
Принять