Мы разрешаем использовать наши материалы при условии активной гиперссылки на сайтBES.media.

Запрещена перепечатка агитационных материалов.

Новости

Ауылдағы жаңа мүмкіндік: БҚО-да жылыжай арқылы өз ісін бастағандар көбейіп келеді

Сегодня, 15:15
Жылыжайдың ашу салтанаты Фотосуретті Бөрлі ауданының әкімдігі ұсынған
Жылыжайдың ашу салтанаты

Жобаға қатысушылар көкөніс өсіріп қана қоймай, жаңа мамандық меңгеріп, тұрақты табыс тауып отыр.

Не болып жатыр

Батыс Қазақстан облысында азық-түлік қауіпсіздігін арттыру және ауыл өмірін дамыту мақсатында "Batys AgroHub" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастама "Shell Қазақстан" мен "Eni" компанияларының қолдауымен іске қосылған, деп хабарлайды Бөрлі ауданының әкімдігі.

Жылыжай – ауыл үшін жаңа мүмкіндік

2024 жылы Бөрлі, Ақсу, Аралтал, Пугачёво және Пепел ауылдарының 10 тұрғыны жылыжай салуға қайтарымсыз грант алды. Жоба мақсаты – ауылда кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және заманауи агротехнологияларды енгізу.

Жылыжай бағыты кездейсоқ таңдалмаған.

"Жабық топырақта жұмыс істеу ауа райына тәуелсіз өнім алуға мүмкіндік береді. Қияр, қызанақ, көк шөп пен бұрыш өсіріп отырмыз", – дейді қатысушылар.

Бүгінде 10 жылыжайдың алтауы қияр өсіріп жатса, төртеуі көшет отырғызу кезеңінде.

Ақша берумен шектелмейді

Жоба аясында қатысушыларға қаржылай қолдаудан бөлек, агробизнес, маркетинг, экономика мен егіншілік бойынша білім беріледі. Олар өнім өсіруден бастап, оны сатуға дейінгі барлық кезеңді үйреніп жатыр.

Кімдер қатысып жатыр

Грант иегерлерінің арасында әйелдер, көп балалы әкелер, зейнеткерлер және үй шаруасында болған тұрғындар бар. Олар енді өз кәсібін дөңгелетіп, ауыл экономикасына үлес қосып отыр.

"Грант пен оқытудың арқасында мен жылыжай салып қана қоймай, өз ісімді жолға қойдым. Бұл маған еркіндік, ертеңгі күнге сенім беріп, екі көршімді жұмысқа алуға мүмкіндік берді", – деді Пугачёво ауылының тұрғыны Айгүл Жанабаева.

Тәжірибе бөлісіп, бір-біріне көмектесіп жатыр

Қатысушылар тек білім алып қана қоймай, бір-бірімен тәжірибе бөлісіп, ауылда өзара қолдау мен ынтымақтастық ортасын қалыптастыруда.

Ірі компания – нақты көмек

"Batys AgroHub" жобасы – бизнес пен қоғамның тиімді әріптестігінің нақты мысалы. Жоба "Shell" мен "Eni" компанияларының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында жүзеге асып отыр.

Алдағы жоспарлар

2025 жылы жоба аясын кеңейтіп, басқа ауылдардан да қатысушылар тарту, сондай-ақ өнім өңдеу орталығы мен логистикалық хаб құру жоспарланған. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін Орал және басқа қалаларға жеткізуді жеңілдетпек.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп дайындалды.

d