BES.media
BES.media

Батыс Қазақстанда "Жыл үздігі – 2025" шарасында жас отбасыларға тұрғын үй кілттері тапсырылды

Аймақта байқауының қорытындысы шығарылды.
"Жыл үздігі – 2025" жастар сыйлығының жеңімпаздары Суретті Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды

Не болды

Батыс Қазақстан облысында жастардың қабілеті мен белсенділігін қолдауға бағытталған "Жыл үздігі – 2025" жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Толығырақ

Салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ерекшеленген жастарды жүлделі марапаттарымен құттықтады. Өңір басшысы "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының жеңімпаздарын марапаттап, "Жайық жастары" тұрғын үй бағдарламасы бойынша жас отбасыларға тұрғын үй кілтін табыс етті.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Суретті Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев

Жастарды марапаттау

"Жыл жаңалығы" аталымы бойынша Тасқала ауданының тумасы, жерлесіміз – "Қайрат" футбол клубының ойыншысы Еркін Тапалов марапатқа ие болды.

Қорытынды

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша әртүрлі номинацияларда үздік шыққан жастар марапатқа ие болды. Солардың қатарында "Үздік жас ақын", "Үздік студент","Үздік жас ғалым","Үздік жас талант", "Үздік жас кәсіпкер", "Үздік ауыл патриоты", "Үздік жастар ұжымы", "Үздік жұмысшы маман", "Үздік медиа маман" және "Жыл жаңалығы" аталымы бойынша жыл үздіктері анықталды.

Материал Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп дайындалды.

BES.media
BES.media
Мы используем cookies
Файлы cookies помогают нам улучшать работу сайта, обеспечивать удобство пользования, анализировать трафик и показывать релевантный контент. Вы можете использование cookies или ознакомиться с нашей Политикой конфиденциальности, чтобы узнать больше.
Принять