Fitch KMF рейтингін растады

Не болды
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі 2025 жылғы 15 шілдеде "KMF (КМФ)" микроқаржы ұйымының эмитент дефолтының ұзақмерзімді рейтингін "B+" деңгейінде, ал ұлттық рейтингін "BBB(kaz)" деңгейінде растады. Рейтингтер бойынша болжам – "Тұрақты".
Рейтинг нені білдіреді?
Агенттік сарапшылары KMF-тің микро, шағын және орта бизнесті қаржыландыруға бағытталған бизнес-моделін, нарықтағы орны мен тұрақтылығын негізгі оң факторлар ретінде атады. Рейтингке оң әсер еткен жайттар қатарында:
- микрокаржыландыру секторындағы көшбасшы рөлі,
- ұзақ мерзімді тұрақты қызметі,
- әртараптандырылған несие портфелі,
- нарықтық тәуекел деңгейінің төмендігі,
- халықаралық және ішкі қаржыландыру көздеріне қолжетімділігі бар.
Сондай-ақ, KMF халықаралық даму қаржы ұйымдары мен импакт-инвесторлармен жұмыс істеу әлеуетін сақтап отыр.
Басқарма төрағасының пікірі
"Fitch Ratings агенттігінің "Тұрақты" болжамы – компаниямыздың тұрақты дамуы мен қазіргі жағдайдағы өсу әлеуетін көрсетеді. Біз екінші деңгейлі банкке айналу жолында жоспарлы әрі мұқият жұмыс жүргізіп келеміз. Бұл ретте кәсіпкерлікті қолдауды жалғастыра отырып, бизнесті кеңірек өнім желісімен қамтамасыз ететін боламыз. Рейтингтің расталуы біздің тұрақтылығымыз бен бәсекелік артықшылықтарымызды тағы бір мәрте дәлелдейді", – деді Шалқар Жүсіпов, KMF басқарма төрағасы.
Компания туралы
"KMF (КМФ)" МҚҰ" АҚ – Қазақстандағы ең ірі микрокаржы ұйымы. 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда компанияның 17 филиалы мен 122 бөлімшесі бар. KMF елдің барлық өңірлерін, соның ішінде шалғай ауылдарды қамтып, жеке тұлғаларға, микро, шағын және орта бизнеске, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласына қаржыландыру ұсынады.
KMF қызметін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылғы 18 шілдеде берген № 02.21.0003.M лицензиясы негізінде жүргізеді.
–––