BES.media
BES.media

"Келешек мектептері": Ұлытауда 300 орындық жаңа мектеп ашылды

Ұлытау облысында 2027 жылға дейін барлығы 18 мектеп жаңғыртудан өтеді деп жоспарланған.
Мектеп Фото Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Не болды?

1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Ұлытау облысының Жезқазған қаласында "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында 300 орындық жаңа №12 жалпы білім беретін мектеп ашылды.

Толығырақ

Заманауи үлгіде бой көтерген жаңа мектеп Қабанбай шағын ауданында орналасқан. Білім ордасы кең, жарық әрі қауіпсіз ғимарат болып салынып, оқушылардың шығармашылық және ғылыми қабілеттерін дамытуға барлық жағдай жасалған.

  • Мектеп робототехника кабинеттерімен, зертханалармен, цифрлық құралдармен жабдықталған.
  • Оқушыларға түрлі үйірмелерге қатысып, шығармашылық бағытта даму мүмкіндігі қарастырылған.
  • Мектеп ішінде кітапхана, спорт және акт залдары, асхана, ойын алаңдары, демалыс аймақтары бар.
  • Ата-аналармен ашық қарым-қатынас орнатып, әр баланың жеке дамуына серіктестік негізінде көңіл бөлінеді.
Мектеп Фото Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мектеп

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында Ұлытау облысында 4150 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Өңірдегі 7 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, оқу процесі үшін қолайлы орта қалыптастырылды.

Сынып Фото Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сынып
Асхана Фото Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Асхана
Мектеп Фото Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мектеп

 

Контекст

"Келешек мектептері" ұлттық жобасы – Қазақстанда білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған бастама. Жоба аясында жаңа мектептер салынып қана қоймай, қолданыстағы білім ошақтары кезең-кезеңімен реновациядан өтеді.

Ұлытау облысында 2027 жылға дейін барлығы 18 мектеп жаңғыртудан өтеді деп жоспарланған. Бұл бастама ауылдық және қалалық жерлердегі білім беру сапасын теңестіруге, оқушыларды заманауи ортада оқытуға жол ашады.

Материал Ұлытау облысы әкімдігімен бірлесіп дайындалды.

BES.media
BES.media
Мы используем cookies
Файлы cookies помогают нам улучшать работу сайта, обеспечивать удобство пользования, анализировать трафик и показывать релевантный контент. Вы можете использование cookies или ознакомиться с нашей Политикой конфиденциальности, чтобы узнать больше.
Принять