Мы разрешаем использовать наши материалы при условии активной гиперссылки на сайтBES.media.

Запрещена перепечатка агитационных материалов.

Новости

KMF 20 млрд теңгеге облигациялар шығарды

Вчера, 19:25
Компания логотипі Фото KMF
Компания логотипі

Компания инвесторлардың сенімін ақтап, қаржылық тұрақтылығын көрсетті.

Не болды

Еліміздегі микроқаржыландыру нарығының жетекші ойыншысы "KMF" микроқаржы ұйымы" АҚ бизнестің тұрақтылығын және инвесторлар тарапынан сенімнің жоғары деңгейін көрсете отырып, Қазақстан қор биржасында (KASE) бірқатар операцияны сәтті аяқтады.

Нақтырақ

Мамыр айында компания облигацияларды орналастыру шеңберінде 20 млрд теңге тартты және бұрын шығарылған облигацияларды жалпы сомасы 23,55 млрд теңгеге өтеуді жүзеге асырды.

Қатысқан ұйымдар

Орналастыру андеррайтерлері "BCC Invest" АҚ – "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы, "Сентрас Секьюритиз" АҚ, "First Heartland Jusan Invest" АҚ, "Halyk Finance "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы"АҚ болды.

Компания пікірі

"Облигацияларды кезекті рет сәтті орналастыру және алдыңғы шығарылымды уақытылы өтеу инвесторлардың біздің ұйымға деген сенімінің жоғары деңгейін және компанияның тұрақты қаржылық жағдайын растайды", – деді KMF Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

KMF туралы

KMF – Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. Нарықта 1997 жылдан бастап жұмыс істейді, микро, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырады. KMF-тің Қазақстан бойынша 17 филиалдан және 122 бөлімшеден тұратын ауқымды желісі және сапалы әрі әртараптандырылған кредиттік портфелі бар.

KMF қазақстандық және халықаралық қаржы ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ал KMF тұрақтылығы Fitch Ratings-тің "Тұрақты" "B+" кредиттік рейтингімен расталады.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы.

d