BES.media
BES.media

Қоныста жаңа мектеп ашылды: оқушылар енді заманауи кабинеттерде оқиды

Ауылдағы жаңа білім ошағы оқушыларға заманауи жағдайда білім алуға мүмкіндік береді.
Қоныста жаңа мектеп ашылды Фотосуретті Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды

Не болды

Казталов ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың апатты мектептердің орнына жаңа білім нысандарын салу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В." компаниясының әлеуметтік жауапкершілігі аясында 60 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В." бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеев, облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, аудан әкімі Асланбек Сарқұлов және аудандық мәслихат төрағасы Сарсенбай Молдашев қатысты.

Қоныста жаңа мектеп ашылды Фотосуретті Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Қоныста жаңа мектеп ашылды

Мектептің тарихы

Қоныс ауылында алғашқы мектептің іргетасы 1948 жылы қаланған. Ол әуелі В.И.Ленин атындағы жеті жылдық мектеп ретінде ашылып, 1957-1958 жылдары "Стройтель" жеті жылдық мектебі болып өзгерді. Кейін 1976 жылы Крупская атындағы 8 жылдық мектепке айналып, жаңа ғимарат салынды. 1979-1980 оқу жылынан бастап орта мектеп мәртебесіне ие болды. Алғашқы түлектерін 1980 жылы ұшырды.

Қоныста жаңа мектеп ашылды Фотосуретті Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Қоныста жаңа мектеп ашылды

Заманауи білім ордасы

Жаңа мектеп "Amanat" партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В." компаниясының тапсырысымен салынды. Құрылысын "Smartech" ЖШС жүргізді. Ғимаратта 11 оқу кабинеті, спорт залы, асхана, кітапхана және мәжіліс залы қарастырылған.

Қоныста жаңа мектеп ашылды Фотосуретті Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Қоныста жаңа мектеп ашылды

"Бұл – мемлекет пен бизнестің бірлескен еңбегі"

Облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, оны мемлекеттік саясаттың нақты жүзеге асырылуы деп атады.

"Бүгін баршамыз үшін ерекше қуанышты сәт! Бұл білім ордасының бой көтеруі – мемлекет пен бизнестің, жергілікті билік пен халықтың бірлескен еңбегінің жарқын көрінісі", – деді ол.

Ол соңғы үш жылда Казталов ауданында жүзеге асқан жұмыстарға тоқталып өтті. Айтуынша, облыста 26 жаңа мектеп пайдалануға берілген. Оның ішінде КПО б.в. әлеуметтік жобасы аясында 16 мектеп, жергілікті бюджет есебінен 7 мектеп, "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында 3 мектеп ашылған.

Әлеуметтік инфрақұрылым дамып келеді

Меңдіғалиевтің сөзінше, соңғы жылдары аудан бойынша мектептермен қатар дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік пункттер, мәдениет үйлері мен спорт кешендері іске қосылған. 2025 жылы 20 әлеуметтік нысанға газ тартылып, бірнеше ауылға ауыз суға арналған блок-модульды кешендер орнатылған.

Салтанатты сәт

Мектептің ашылу рәсімінде облыс әкімінің атынан оқу орнына LED экран табысталды. Мұхтар Манкеев жылы лебізін білдірсе, аудан әкімі Асланбек Сарқұлов мердігер компанияға алғыс хат тапсырды. Оқушылар мен ұстаздар мектеп тарихын еске алып, жетістіктерін атап өтті.

Ауыл тұрғындарының қуанышы

Жаңа мектептің ашылуы қоныстықтар үшін үлкен қуаныш болды.

"Бұл – болашақ ұрпаққа жасалған ең үлкен қамқорлықтың айқын көрінісі. Шәкірттердің көкірегін білім нұры сәулелендіріп, болашақта ел игілігіне қызмет ететініне сенім мол", – деді ардагер ұстаз Жауһар Сапарғалиева.

Жаңа тыныс

Қоныс ауылындағы жаңа мектептің ашылуы – елдің болашағына бағытталған стратегиялық қадам. Ауыл оқушылары енді заманауи жағдайда білім алып, өз әлеуетін толық іске асыра алады.

Материал Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп дайындалды.

BES.media
BES.media
Мы используем cookies
Файлы cookies помогают нам улучшать работу сайта, обеспечивать удобство пользования, анализировать трафик и показывать релевантный контент. Вы можете использование cookies или ознакомиться с нашей Политикой конфиденциальности, чтобы узнать больше.
Принять