BES.media
BES.media

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ұлытау облысында ту көтеру рәсімі өтті

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ұлытау облысында "Рәміздер рухы – Конституция күші!" атты салтанатты Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.
Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті Фото Ұлытау облысының әкімдігi

Не болды

Айрықша мәнге ие мерекелік іс-шараға облыс әкімі, мемлекеттік органдардың басшылары, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, әскери қызметшілер, еңбек ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.

 Мәліметтер

Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көкке көтеріліп, Мемлекеттік Әнұран асқақтай шырқалды. Жиналған қауымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаған облыс әкімі Дастан Рыспеков Тәуелсіз Қазақстанның басты нышандары саналатын Мемлекеттік ту, Елтаңба және Әнұранның ел бірлігі мен ұлттық рухты нығайтудағы тарихи маңызына ерекше тоқталды.

Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті Фото Ұлытау облысының әкімдігi
Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті

"Биылғы мерекенің тағылымдық мәні терең. Жалпыұлттық референдумда қабылданған Ата Заңымыздың маңызын айшықтау мақсатында бұл күн "Рәміздер рухы – Конституция күші" тақырыбымен өтіп отыр. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – жай ғана ресми белгілер емес, олар – Тәуелсіздігіміздің тұғыры, ел бірлігінің айғағы, заң үстемдігі мен әділетті қоғамның символы", – деді Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков.

Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті Фото Ұлытау облысының әкімдігi
Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті

контекст

Мерекелік шара аясында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Патриоттық әндер шырқалып, көпшілікке арналған мазмұнды мәдени бағдарлама ұйымдастырылды.

Материал Ұлытау облысы әкімдігімен бірлесіп дайындалды.

BES.media
BES.media
Мы используем cookies
Файлы cookies помогают нам улучшать работу сайта, обеспечивать удобство пользования, анализировать трафик и показывать релевантный контент. Вы можете использование cookies или ознакомиться с нашей Политикой конфиденциальности, чтобы узнать больше.
Принять