Naqty Onim қосымшасы арқылы дәрінің түпнұсқалығын тексеруге болады

Не болды
Өткен жылы "Naqty Onim" мобильді қосымшасында дәрі-дәрмектерді цифрлық қадағалау мүмкіндігі іске қосылды. Бұл қосымша әрбір тұтынушыға дәрілік заттың түпнұсқалығын бір рет сканерлеу арқылы тексеруге мүмкіндік береді.
Қалай жұмыс істейді
Әрбір дәрі орамында бірегей Data Matrix коды бар. Смартфон арқылы Naqty Onim қосымшасында осы кодты сканерлеу дәрінің заңдылығын, тіркеу базасына сәйкестігін және қауіп белгілерін көрсетеді. Қосымшаны App Store және Google Play платформаларынан жүктеуге болады.
"Naqty Onim" қосымшасы – тауар айналымының ашықтығын қамтамасыз етіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы негізгі құрал. Цифрлық таңбалау жүйесі әрбір адамға тауардың түпнұсқалығын бір рет басу арқылы тексеруге мүмкіндік береді, бұл жалған немесе қауіпті өнімдерді сатып алу қаупін жояды. Тұтынушылардың таңбалау кодтарын белсенді түрде тексеруі – қоғамдық бақылауды күшейтеді әрі әділ нарықтың қалыптасуына ықпал етеді. Тұтынушылардың жауапкершілігі – көлеңкелі экономикамен күрестегі басты факторлардың бірі", – дейді тауарларды таңбалау және қадағалау бойынша Бірыңғай оператордың басқарушы директоры Алмат Исмаилов.
Не үшін маңызды
Цифрлық таңбалау дәрі-дәрмектің контрафактілік қауіпін азайтады және фармацевтика нарығындағы ашықтықты арттырады. Naqty Onim – тексерілген өнімді таңдауға көмектесетін құрал.
"Жасанды дәрі-дәрмектер бүкіл фармацевтикалық индустрия үшін қиындық тудырады. Енді қазақстандықтардың барлығы мобильді қосымшаның көмегімен бір рет түрту арқылы өз дәрілерінің түпнұсқалығын оңай тексере алатын мүмкіндігі болатынына қуаныштымыз. Бұл пациенттің күтімін шынайы етеді әрі бүкіл денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді нығайтады", – дейді Polpharma Santo компаниясының бас директоры Адам Алексеюк.
Статистика және қолдау
Қосымша іске қосылғалы бері 25 мыңнан астам рет жүктелген. Қолданушылардың белсенділігі жалған өнімдермен күресте қоғамдық бақылаудың рөлін күшейтіп отыр.
Polpharma Santo туралы
Polpharma Santo – Қазақстандағы ең ірі дәрі өндірушілердің бірі. Шымкенттегі зауыт GMP және GDP стандарттарына сай жұмыс істейді және жылына 1,5 млрд таблетка мен капсула, 200 млн ампула, 60 млн антибиотик флаконын шығара алады.
2025 жылдан бастап компания ЕО-ның GMP сертификатын алып, Еуропа нарығына жол ашты.