Телефон арқылы хабарласатын алаяқтарды қалай анықтауға болады?
BES.media ForteBank-пен бірге қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған бірнеше видео дайындады.
Не болды
Бұл видеода алаяқтар жиі қолданатын айла-тәсілдер туралы түсіндіреміз. Олар өздерін емхана, "Қазпошта", полиция және басқа да қызметкерлер ретінде таныстыруы мүмкін. Олар сан түрлі мәселені сылтау етіп, 1414 нөмірінен SMS жібереді. Олардың мақсаты – сізге келген хабарламадағы кодты айтқызып, сілтемеге өтуді сұрау. Мұндай кезде еш ойланбастан тұтқаны қойыңыз. Қазақстандықтар қаржылай сауатты болған сайын, алаяқтардың айласына түсу мүмкіндігі де соншалықты азаяды.
Видеоны жақындарыңызбен және достарыңызбен бөлісіңіз!
–––