BES.media
BES.media

Ұлытау облысында заманауи Оқушылар сарайының қазығы қағылды

Жоба Болат Өтемұратов қорының қолдауымен Жезқазған қаласында бастау алды.
Жезқазған қаласында жаңа Оқушылар сарайының құрылысы басталды Фотосуретті Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды

Не болды

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында жаңа Оқушылар сарайының құрылысы басталды. Нысанның жалпы аумағы 2600 шаршы метрді құрайды, ғимарат 250 балаға шақталған.

Толығырақ

Жоба мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлытау облысын дамытуға қатысты тапсырмасына сәйкес Болат Өтемұратов қорының қолдауымен бастау алды.

Салтанатты рәсім

Оқушылар сарайының алғашқы іргетасын қалау рәсіміне Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қатысып, қор басшылығына алғысын жеткізді.

"Өздеріңіз білетіндей, Жезқазған қаласының батыс ауданы даму сатысында. Бұл аумақта алдағы уақытта облыс орталығының архитектуралық келбетін жақсартатын әлеуметтік нысандар, көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеріп, қала халқы үшін қолайлы орта қалыптасады. Солардың бірі – осы Оқушылар сарайы болмақ. Жас облысымызда тарихи сәттің орын алуына қолдау білдірген Болат Өтемұратов атындағы қордың басшылығына алғысымыз шексіз", – деді Дастан Рыспеков.

Жезқазған қаласында жаңа Оқушылар сарайының құрылысы басталды Фотосуретті Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Жезқазған қаласында жаңа Оқушылар сарайының құрылысы басталды

Шараға Болат Өтемұратов қорының директоры Айнұр Карбозова және Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман арнайы қатысты.

Нысанның ішкі құрылымы

Жаңа Оқушылар сарайының ішінде акт залы, медиаорталық, хореография және жекпе-жек залдары, сенсорлық бөлмелер, фотостудия мен музыкалық кабинеттер, сондай-ақ цифрлық өнер, робототехника, жаратылыстану және нақты ғылымдарды біріктіретін мамандандырылған STEM-орталығы орналасады.

Жезқазған қаласында жаңа Оқушылар сарайының құрылысы басталды Фотосуретті Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Жезқазған қаласында жаңа Оқушылар сарайының құрылысы басталды
Жезқазған қаласында жаңа Оқушылар сарайының құрылысы басталды Фотосуретті Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Жезқазған қаласында жаңа Оқушылар сарайының құрылысы басталды
Жезқазған қаласында жаңа Оқушылар сарайының құрылысы басталды Фотосуретті Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Жезқазған қаласында жаңа Оқушылар сарайының құрылысы басталды

Қоршаған аумақ

Көршілес аумақта балалар және спорт алаңдары, демалыс аймақтары, автотұрақ пен көгалдандыру қарастырылады. Ғимарат толықтай мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделіп, қауіпсіздік пен энергия тиімділігі талаптарына сай салынады.

Қашан аяқталады

Құрылыстың 2026 жылдың маусымында аяқталуы күтілуде.

BES.media
BES.media
Мы используем cookies
Файлы cookies помогают нам улучшать работу сайта, обеспечивать удобство пользования, анализировать трафик и показывать релевантный контент. Вы можете использование cookies или ознакомиться с нашей Политикой конфиденциальности, чтобы узнать больше.
Принять