BES.media
BES.media
18 июля 2025, 15:25

Ұлытаулық металлургтерге президент атынан марапат табыс етілді

Мемлекеттік наградаларды премьер-министр Олжас Бектенов арнайы жұмыс сапарымен келіп, өз қолымен тапсырды.
Ұлытаулық металлургтерге президент атынан марапат табыс етілді Фото Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұлытаулық металлургтерге президент атынан марапат табыс етілді

Не болды

Байытушылар күніне орай Ұлытау облысында металлургия саласының үздік мамандары мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградалармен марапатталды. Салтанатты марапаттау рәсімінде ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов металлургтерге жоғары мемлекеттік наградаларды табыстады.

Кімдер марапатталды

"Құрмет" орденімен:

  • ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің "Жезқазғансирекмет" РМК директоры Нариман Абылқанов.

III дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен:

  • "Kazakhmys Smelting" ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Болат Айдаболов,
  • "Жезқазғантүстімет" ӨБ Қарсақпай металлургия зауытының металл құюшысы Бақтияр Аңсағаев,
  • слесарь-жөндеуші Сейдахмет Жақашбаев,
  • токарь Бүркітбай Оспанов,
  • "Жайрем КБК" АҚ карьеріндегі автокөлік жүргізушісі Елхутты Рахымов.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен:

  • "Kazakhmys" филиалы Жезқазған байыту фабрикаларының флотаторы Гүлбану Жұмадилдинова,
  • гидрометаллург аппаратшысы Жүсіпбек Кенбаев.

Металлургтер не дейді

"Мен үшін ерекше күн. Осы салада жұмыс істеп келе жатқаныма 40 жыл толды. Бұл марапат – менің ғана емес, барлық әріптесімнің еселі еңбегінің жемісі", – деді флотатор Гүлбану Жұмадилдинова.

"Мемлекет басшысының атынан награда алу – мен үшін үлкен мәртебе. Барша әріптесімді мерекемен құттықтаймын", – деді балқытушы Болат Айдаболов.

Үкімет басшысының құттықтауы

Марапаттау рәсімінде жиналған жұртшылықты құттықтаған үкімет басшысы Олжас Бектенов сала еңбеккерлерінің ел экономикасына қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.

Материал Ұлытау облысы әкімдігімен бірлесіп дайындалды.

BES.media
BES.media
Мы используем cookies
Файлы cookies помогают нам улучшать работу сайта, обеспечивать удобство пользования, анализировать трафик и показывать релевантный контент. Вы можете использование cookies или ознакомиться с нашей Политикой конфиденциальности, чтобы узнать больше.
Принять