BES.media
BES.media

Жезқазғанда өңірдің басты техникалық колледжіне баспасөз туры өтті

Жастардың болашағын қалыптастыратын өндіріс пен білім ошағы өз есігін айқара ашты.
Жезқазған жоғары политехникалық колледж Фото Ұлытау облысы әкімдігі

Не болды

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Жезқазған қаласында Жезқазған жоғары политехникалық колледжіне арналған баспасөз туры ұйымдастырылды. Мақсат – техникалық және кәсіптік білімнің жастарға табысты мансап жолын ашудағы маңызын көрсету. 

Көп жылдық тәжірибе мен заманауи мүмкіндіктер

72 жыл бұрын құрылған бұл оқу орны – Ұлытау өңіріндегі негізгі кадр даярлау орталығы. Мұнда металлургия, байыту, IT, автоматтандыру, құтқару ісі, энергетика және құрылыс бағыттары бойынша 11 өзекті мамандық оқытылады. Колледж миссиясы – халықаралық стандарттарға сай сапалы кәсіптік білім беруді, зерттеу және инновациялық ортаны дамыту. 

Баспасөз туры аясындағы таныстыру

Қатысушылар үш оқу корпусын, 32 орындық жатақхананы, спорт кешенін, асхананы және "Building & Energy" құзыреттілік орталығын аралады. "Жас маман" жобасы аясында жабдықталған дәнекерлеу, слесарлық, электрмонтаж, сәндік сылақ, ағаш өңдеу және өзге де шеберханалар көрсетілді. Сондай-ақ "Қазақмыс" өндірістік алаңындағы дуальді оқыту процесі таныстырылып, табысты түлектермен кездесу өтті.

 Оқу базасы мен жетістіктер

Колледжде 23 оқу кабинеті, 12 зертхана және 8 шеберхана бар. 61 оқытушының 19-ы WorldSkills стандарттары бойынша дайындықтан өткен. 2024–2025 оқу жылында колледж студенттері "WorldSkills Ulytau 2025" чемпионатында бірнеше құзыреттілік бойынша жүлдеге ие болды. Өндірістік тәжірибе "Қазақмыс", Kazakhmys Energy және өңірдің 15-тен астам кәсіпорнында өтеді. 

Мансаптық қолдау

Колледж "Мансап компасы" платформасы арқылы кәсіби бағдар беріп, "Ашық есік" күндері, мамандықтар жәрмеңкелері, форумдар мен кездесулер ұйымдастырады. Бұл шаралар талапкерлер мен түлектерге нақты жұмысқа орналасу мүмкіндігін ұсынады.

Анықтама

Оқу орны 1953 жылы құрылған. 2020 жылы "Жоғары колледж" мәртебесін алып, "Жас маман" республикалық жобасының грантын жеңіп алды. Қазіргі таңда колледж заманауи техникалық базаға, жоғары білікті педагогикалық құрамға ие және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып отыр. 

Материал Ұлытау облысы әкімдігімен бірлесіп дайындалды.

BES.media
BES.media
Мы используем cookies
Файлы cookies помогают нам улучшать работу сайта, обеспечивать удобство пользования, анализировать трафик и показывать релевантный контент. Вы можете использование cookies или ознакомиться с нашей Политикой конфиденциальности, чтобы узнать больше.
Принять