Huawei Берлинде жаңа буын тағылатын құрылғыларын таныстырды – жақында Қазақстанда сатылымда

20.05.2025
Фото Huawei

Технология мен стиль шекараны білмейді.

2025 жылғы 15 мамырда Huawei Берлинде өткен Innovation Showcase көрмесінде "Fashion Next" ұранымен флагмандық тағылатын құрылғылар мен инновациялық өнімдердің жаңа желісін ұсынды. Компания заманауи стиль мен денсаулықты бақылау технологияларын үйлестіретін бірнеше жаңа гаджетті жариялады. Бұл құрылғылардың барлығы жақын уақытта Қазақстанда сатыла бастайды.

Фото Huawei
Huawei Watch 5

Негізгі жаңалықтар: Huawei Watch 5 – денсаулық бақылауының жаңа деңгейі

Іс-шараның басты – Huawei Watch 5. Бұл смарт сағат денсаулық көрсеткіштерін дәл әрі жылдам бақылауға арналған TruSense жүйесімен және Multi-sensing X-TAP технологиясымен жабдықталған. Сағат саусақпен түрту арқылы импульс, оттегі деңгейі, стресс және ұйқы тәрізді көрсеткіштерді бірден анықтайды.

Сондай-ақ, пайдаланушы әрекетін жеңілдететін Double Slide және Double Tap сияқты интуитивті басқару функциялары қосылды. Сағат күлгін және құмды алтын түстерімен ұсынылып, технологиялық құрылғыны сәнді аксессуарға айналдырады.

Фото Huawei
Huawei Watch Fit 4 Pro

Жаңа модельдер – стиль, спорт және технологияның үйлесімі

Huawei бұдан бөлек бірнеше жаңа өнімдерді көрсетті. Олардың арасында Huawei Watch Fit 4 және Watch Fit 4 Pro ерекше көзге түсті. Бұл сағаттар белсенді өмір салтына арналған "Fashion Active" тұжырымдамасын ұсынады. Watch Fit 4 Pro – ультра жұқа (9,3 мм) және трассада жүгіру, 40 метрге сүңгу мен гольф сияқты кәсіби режимдерді қолдайтын флагмандық модель. Барлық сағаттар TruSense технологиясымен жұмыс істейді.

Фото Huawei
Huawei FreeBuds 6

Huawei FreeBuds 6 – дыбысты жаңа деңгейге жеткізді

Huawei FreeBuds 6 – дыбыс сапасына мән беретіндер үшін жаңа шешім. Бұл ашық үлгідегі құлаққаптар 2,3 Мбит/с дейін жоғалтпай дыбыс беруді қамтамасыз ететін қос магнитті драйверлермен жабдықталған. Сонымен қатар, Stable & Clear Calls Noise Cancellation технологиясы арқасында шу ортасында да сапалы байланыс сақталады. Ыңғайлы пішіні ұзақ уақыт киюге мүмкіндік береді.

Фото Huawei
Huawei MatePad Pro 12.2”

Huawei MatePad Pro 12.2” – шығармашылық пен жұмысты біріктіреді

Таныстырылымда Huawei MatePad Pro 12.2” планшеті де көрсетілді. Оның PaperMatte дисплейі экран жарқылын азайтып, көзге жайлылық сыйлайды. Құрылғы Huawei Glide пернетақтасы мен жаңартылған Huawei Notes қосымшасымен бірге жеткізіледі. Бұл планшетті креативті жұмыс пен іскерлік мақсатта пайдалануға болады.

Фото Huawei
Белсенді сақиналар

"Белсенді сақиналар": әр қимылға ынталандыру

Huawei белсенді өмір салтын ұстанатындар үшін жаңартылған "Белсенді сақиналар" концепциясын ұсынды. Бұл әдіс пайдаланушыларды күнделікті қозғалысқа ынталандырып, денсаулық пен белсенділікке мотивация беруді мақсат етеді. Қазіргі таңда Huawei құрылғылары 100-ден астам спорт түрін қолдайды және TruSense жүйесі арқылы жекелендірілген ұсыныстар береді.

Huawei нарық көшбасшысы атанды

IDC дерегінше, Huawei 2024 жылы тағылатын құрылғылар жөнелтімі бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Қытай нарығында компания алты жыл қатарынан көш бастап келеді.

Қазақстанда қашан пайда болады?

Huawei Watch 5, Watch Fit 4 және Fit 4 Pro сағаттары, сондай-ақ FreeBuds 6 құлаққаптары жақын уақытта Қазақстанда ресми түрде сатылымға шығады. Құрылғыларды Huawei интернет-дүкені мен ресми серіктестерден сатып алуға болады. Бағалар сату басталғанға дейін хабарланады.